А витамины қазақша реферат

Bigox.kz

Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Витамин

Витамин туралы қазақша реферат

Витаминдер — бұл әрбір адамның тағамында болуы тиіс өмірлік маңызы бар заттар. «Элигита Азия» ЖШС «WILD» компаниясы шығаратын «В» тобының витаминдерін, сондай-ақ аскорбин қышқылын ұсынады.

Аскорбин қышқылы (С витамині) — антитотықтырғыш (антиоксидант) және антитотықтырғыштардың синергисті.
Бұдан басқа, бояуды тұрақтандырғыш, қышқылдауыш (қышқылды реттеуіш) қызметін атқарады. Өнімдердің сақтау мерзімін бірнеше рет арттырып, шараптың, сыраның және алкогольсіз сусындардың ферментативті қышқылдануын тежейді. Мұнымен қоса, жемістерді, көкөністерді және оларды қайта өңдеу арқылы алынатын өнімдерді мұздатқан, консервілеген және өлшеп ораған кезде қараюдан қорғап, құрамындағы витаминдерді сақтайды. Антототықтырғыштың ет өнімдеріне қосылуы жиналатын нитриттер мен нитраттардың мөлшерін үштен бірге азайтуға мүмкіндік беріп, тұрақты әрі біртегіс тұздалуын қамтамасыз етеді, консервілеу процессін тездетеді.

Түсі ақтан ашық сарыға дейін өзгеретін кристаллды ұнтақ болып табылады.

Қолданылатын саласы: кондитерлік тағамдар, карамель, сағыз, сүт өнімдері, қойыртылған сүт, құрғақ таңғы астар, дән үлпегі, печенье, балық өнімдері, қайта өңделген жеміс пен көкөніс өнімдері, мұздатылған көкөністер мен жемістер, құрғақ картоп, көкөніс пен жеміс консервілері, шарап, шампан, сыра, алкогольсіз сусындар, шырын, минералды су, ет өнімдері, ветчина, ысталған өнімдер, сарделькалар, өңделген ұннан жасалған тағамдар, көпіршікті таблеткалар, татымды заттар концентраттары.
Сондай-ақ косметика мен жануарларға арналған азықтар.

Қолданылу әдісі . Шарап, сыра, шырын және алкогольсіз сусындарды өңдеу кезінде аскорбин қышқылы соңғы дайын өнімге қосылады. Ет және шұжық өндірісінде ерітінді түрінде тартылған етке қосылады, ал балық өнімдерін дайындаған уақытта тұздық суға кіреді. Жаңа мұздатылған жемістер мен көкөністерге араластырылған ерітіндісін себу немесе өнімді концентратталған ерітіндінің ішіне салу арқылы өңдейді. Аскорбин қышқылы өнімнің ішінде толығымен ерітілу тиіс. Антитотықтырғыш өнімге неғұрлым ерте қосылған сайын, соғұрлым жоғары нәтиже күтуге болады.

Сақтау шарттары: құрғақ, салқын, жарық түспейтін жерде сақтау қажет.

B тобының витаминдері табиғи ортада әрдайым бірге болатындықтан, осындай жиынтықталған атқа ие болған.
В тобының витаминдері бірігіп, өзінің басты қызметін ұлпаның тыныс алуына және энергия қуатының шығарылуына қатысады. Ойлау және эмоциялық жүктеме көп түсірілетін, созылмалы аурулармен ауратын қазіргі заманғы адамға В тобының витаминдері көп мөлшерде қажет.

В тобының витаминдері мына жағдайларда қажет:
Иммунитет жүйесін күшейту
Тұмау және жіті вирустық аурулар

Созылмалы шаршау синдромы
Жүйке жүйесін нығайту
Депрессия
Мазасыздық
Ұйқысыздық

Зейіннің нашарлауы және/немесе гипербелсенділік
Бас ауру (бас сақинасының ұстауы)
Бас ауру
Ұмытшақтық
Жүрек-қан тамыр жүйесін нығайту
Кардиомиопатия және іркілген жүрек жетіспеушілігі

Гепатиттер
Остеопороз
Қант диабеті
Гипогликемия
Гипотиреоз
Алкоголизм
Анемия
Семіру
Жіті фарингит
Бронхиттер мен пневмониялар
Синусит
Отит
Тері денсаулығын жақсарту
Қызғылт бездер
Себорея дерматиті
Афтозды стоматит
Көру қызметінің жақсаруы

Мұнымен қоса В тобының витаминдері мына жағдайларда қажет: ойлау және дене күшіне көп түсетін жүктеме; психоэмоционалдық стресстер; созылмалы және жіті инфекциялық аурулар; екінші рет қайталанған иммунитет тапшылығы, аллергиялық және аутоиммундық аурулар, монотерапия кезінде В тобы витаминдерінің жекелеген түрлерімен емдеу.

B тобының витаминдерін ағзаға жинап алу мүмкін емес, сол себепті оны күн сайын арттырып отыру қажет. Осы витаминдердің күші бәрі алкогольмен, рафинад қантпен, никотинмен және кофеинмен жойылады, сол себепті көптеген адамдардың ағзасы осы топтағы витаминдерге тапшы болатыны таң емес.

Тамақтану тәртібі дегеніміз ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай — ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді. Тамақтану режиміне мына төиендегі принциптер енеді.

Бірінші, тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу.

Екінші, тәулігіне бір — екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш немесе төрт рет тамақтану керек.

Үшінші, тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Бұл ретте дәрігер — диоьологтың да кеңесі артық болмайды.

Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл — күйіне баса назар аударғаны жөн. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді.Мұны мамандар физиологиялық процесс деп те атайды.

Тәбет дегеніміз аштыққа қарсы тұратын құбылыс. Ол мына бір принциптермен дәлелденеді. Атап айтқанда, тамақ қабылдау мезгіліне, тағамның түрі, дәмі немесе иісі, түрлі қоспалар, тіпті бұл ретте адам ойы да өзіндік рөл атқарады. Адамның тәбеті шылымға, кофеге, шайға, апиын, ішімдік, тағы басқаларына ашылатын көрінеді. Бірақ, мұндай физиологиялық қажеттіліктен аулақ болған дұрыс.

Тәбет кей ретте асқазанның шұрылдап, маза бермеуі, бос, еш жұмыссыз тұрғандығымен қиналады. Бұл симптом мешкейлерге тән. Бұл орайда халықтық медицина ондай адамдарға бірнеше күн өзіне аштық жариялағанды ұсынады.

Тамаққа деген тәбет сыр білдірмей де келеді. Ол сыртқы фактролардан делдал іздемейді. Адам белгілі тамақты құмартқанда, тәбеті өздігінен пайда болады. Міне, осы кезде адам асханада өзі қалаған ас әзірлеп, дастархан басына жайғасып, тамақтанғанға не жетсін дейді. Және солай да жасайды. Бұл адамның организмі шын мәнінде ас қабылдауға дайын екендігінен жақсы хабар бергендігі.

источник

А дәрумені

А дәрумені: пайдалы қасиеттері

Ретинол деген атпен белгілі, А дәрумені майда еритін заттар тобына жататын, денсаулық үшін аса қажетті элемент. Дәруменнің биологиялық сіңірілуі үшін ең жақсы орта – ол май. Аталған заттың пайдалы әсерінің деңгейін бағалау өте қиын: ол барлық тотығу, сауықтыру реакцияларына қатысады, ақуыз метаболизміне жауап береді, жасуша мембранасына әсер етеді. А дәрумені — сүйек жүйелерінің қатаюы, тістердің саулығы, жасушалардың тұрақты өсуі мен қайта қалпына келуі, ағзаның уақытынан бұрын қартаймауы үшін өте маңызды қосылыс. А дәруменін жалпыға белгілі стандарт (МЕ) бойынша өлшеу қалыпты болып саналады.

Қандай азық-түліктерде кездеседі?

Ретинол «Ламифарэн» тағамдық өнімінің негізі – Ламинария қоңыр балдырларының алдыңғы қатарлы құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Бұл өсімдіктің құрамында ағзаның осы затқа тәуліктік қажеттілігін толықтай қанағаттандыра алатын рекордты шоғыры болады.

Қосылыстың басқа да тағамдық негіздерін атап өтейік:

көкөністер, жемістер, жидектер: сәбіз, болгар бұрышы, түсті қырыққабат, улы ішімдік, майда өрік, жүзім, қарбыз, қауын, асқабақ;

жануарларға қатысты азық-түліктер: сорпалық өнімдер (бірінші кезекте бауыр), балық майы, тауық жұмыртқасы, сиыр сүті, қаймақ, сүт өнімдері.

Ретинолдың аздаған шоғыры астық тұқымдастарда, сиыр етінде, қаймағы алынған сүтте кездесетіні туралы ескерте кету керек.

Дәрумен ағзаға қалай әсер етеді?

«Ламифарэннің» басты құрамдас бөліктерінің бірі көптеген қызметтерге әсер етеді:

ретинол фоторецептивті реакцияларға қатысады, сонымен қатар көз торлы қабығы пигментінің қалыпты синтезі үшін қажет;

Иммунитеттің мықтылығы аталған қосылысқа байланысты болады. Дәруменді қабылдау кезеңінде шырышты қабаттардың қорғаныс қасиеттерінің жоғарылауы байқалады, иммундық жүйеге әсер ететін лейкоциттер мен басқа да әрекеттердің қарқындылығы жоғарылайды;

А дәрумені ағзаны тұмау мен инфекциялық аурулардан сенімді қорғау қызметіне де атсалысады. Ол ішек және асқазан инфекцияларының қоздырғыштарымен белсенді түрде күреседі, несеп шығару жүйесінің саулығы үшін де қажет;

Бала ағзасында осы дәрумен жеткілікті болса, кейбір балалар аурулары – мысалы, желшешек, қызылша жеңіл түрде өтеді. Сонымен қатар АИТВ инфекцияларын жұқтырған балалардың өмір сүру ұзақтығы айтарлықтай жоғарылайды;

Тері қабаты мен шырышты қабаттарды қаптаған эпителий ұлпаларының тиімді түрде және жылдам қалпына келуі үшін де осы дәрумен қажет болады. Сол себептен де терінің қандай ауруы болса да, теңге қотырдан бастап безеуге дейін, осыларды емдеу бағдарламасына А дәруменін қосады. Тері қабаты зақымдалған және оның жарақаттары кезінде, ретинол терінің жазылу қарқынын жылдамдатуға әсер етеді, табиғи коллагеннің түзілуін ынталандырады, инфекциялық аурулардың туындауының алдын алады;

Ретинолдың шырышты қабаттарға тікелей әсер ететінін ескере отырып, оның эпителий жасушалары тыныс алу органдары қызметінің тұрақты істеуіне мүмкіндік тудырады. Осыған байланысты, жарасы бар аурулар мен тоқ ішегі қабынған науқастарға кеңес «Ламифарэнді» тұтынуға беріледі;

А дәрумені жүктілік кезінде өте маңызды болып табылады. Осы дәруменнің арқасында ұрықтың дұрыс дамуы мен тұрақты қоректенуі қамтамасыз етіледі. Дәрумен сперматогенетикалық әрекеттерге қатысады және стероидты гормондар түзеді;

Осының бәріне қосымша ретинол – жасушалардың қалпына келу әрекетін жақсартатын және еркін радикалдармен күресті күшейтетін мықты антиоксидант ;

Дәруменнің обырға қарсы қасиеттерін ерекше айтып өтуге болады: пайдалы қасиеттері көптеген зерттеулер нәтижесімен дәлелденген. Осыған орай, ретинол онкологиялық аурулардың кез келген түрін емдеуге міндетті түрде қатысады. А дәрумені жаңа ісіктердің дамуының алдын алады және ми мембранасын еркін радикалдардың жағымсыз әсерлерінен қорғайды;

Антиоксидант ретінде, жүрек аурулары дамуының алдын алу қасиетімен белгілі. Ол қантамыр жүйелерінің саулығы үшін өте маңызды. А дәрумені «жақсы» холестерин (жоғарғы қысымдағы липопротеидтердің) деңгейінің жоғарылауына ықпал етеді, жүрек ұстама ауруларының ағымын жеңілдетеді.

А дәрумені жетіспеушілігінің белгілері

А дәруменінің жетіспеушілігін бірінші кезекте теңгерімсіз тамақтану үлесін ұстанатын адамдарда, сонымен бірге кіші жастағы балалар ағзасынан бақылауға болады. Ретинол жеткіліксіздігі емдәм ұстауды тағайындағанда, бауыр жұмысының, асқорыту жолдарының ақауы орын алғанда болады.

А дәруменінің жетіспеушілігі — өте қауіпті жағдай, оның салдары ағзаның барлық жүйесіне таралады. Жалпы алғанда, А дәруменінің жетіспеушілігін шартты түрде 2 санатқа бөліп қарастыруға болады: экзогенді сипаттағы (сыртқы факторлар әсерімен байланысты) және эндогенді сипаттағы (адам ағзасының жағдайына байланысты).

А дәруменінің жетіспеушілігі дамуының басты себептері тұтынатын азық-түліктердегі дәрумен мөлшерінің жеткіліксіздігі болып табылады. Бұл бірқалыпты тамақ үлесі, оның теңгерімсізідігінің салдарынан болады.

Емшекпен емізуді кенет тоқтатып және сүт қоспаларына бірден көшкен кезде, бала ағзасы ретинол жетіспеушілігінен зардап шегуі мүмкін. Науқас адамдарда тамақтың емдеу-алдын алу жоспарын ұзақ және дұрыс сақтамағандықтан осы дәруменнің жетіспеушілігі туындайды.

А дәрумені жетіспеушілігінің алғашқы белгісі іңір қараңғылықта көздің көру жағдайының төмендеуі. А дәруменсіздігі одан ары асқынып кетсе, көздің көруі одан ары нашарлап, шырышты қабаттардың жағдайында мәселелер туындауы мүмкін (әсіресе, ауыз қуысында). Балаларда терінің құрғауы орын алып, ол қатты қабыршақтанып кетеді.

Жоғарыда аталған белгілерден басқа, ересек адамдарда әлсіздік және тырнақтардың ауыруы, шаштың көп түсуі, тері қабатынының қабыршақталуға бейімділігі байқалады. Осыған ұқсас белгілер тұқым қуалайтын ихтиоз кезінде де байқалады.

Ретинолды қабылдау тәсілдері

келесі жағдайларда А дәруменін қабылдауға кеңес беріледі:

инфекциялық аурулар кезінде (дизентерия, ЖРА, тыныс алу органдарының патологиясы, қызылша);

тері аурулары, күйік жаралары, теңге қотыр, жарақаттар және т.б. жағдайларда;

диабет кезінде (глюкоза деңгейі қалыпты болса да);

рахитпен ауыратын науқастарға кеңес беріледі;

тыныс алу жолдарының аурулары кезінде пайдалы;

емшектің созылмалы ауруы кезіндегі емдеу курсында міндетті болып табылады.

Ретинолдың тәуліктік нормасы

ең тиімді мөлшері жас ерекшелігіне, дене салмағына және адамның жынысына байланысты:

6 айға дейінгі нәрестелер — 420 мкг дейін;

6 айдан бір жасқа дейінгі нәрестелер — 550 мкг дейін;

3 жасқа дейінгі балалар — 340 мкг;

3-8 жастағы балалар — 430 мкг;

13 жасқа дейінгі ер балалар — 650 мкг;

14-тен 75 жасқа дейінгі ер адамдар — 750 мкг;

жүкті әйелдер (19 жасқа дейін) — 800 мкг, 19 жастан асқандар — 820 мкг;

емшекпен емізу кезінде: 19 жасқа дейін 1270 мкг, 19 жастан асқандар— 1350 мкг.

«Ламифарэн» тағамдық өнімін қабылдау, ағзада А дәруменінің жеткіліксіздігіне әкелмейтінін ескерте кеткіміз келеді. Гель құрамында ретинол шоғыры мен басқа да пайдалы құрамдас бөліктердің болуы, емшекпен емізу кезінде және жүктілік кезінде де өнімді пайдаланудың мүлде қауіп төндірмейтінін көрсетті. Гельді емдеу-алдын алу үлесіне де сенімді түрде қосуға, сонымен бірге кез келген жастағы балаларға да беруге болады.

Басқа элементтермен байланысы

А дәрумені басқа да майда еритін байланыс – Е дәруменімен өзара байланысуға белсенді түрде қатысады. Соңғысы жетіспеген жағдайда ретинолдың сіңірілуі айтарлықтай төмендейді, сондықтан бұл екі дәруменді бірге қабылдауға кеңес беріледі.

Мырыштың жетіспеушілігі ретинол сіңірілуіне кедергі келтіреді, оның көмегінсіз ретинол белсенді түрге ауыса алмайды.

А дәруменсіздігі минералды майларды үнемі қабылдау кезінде дамуы мүмкін. Мәселе олардың ретинолдың еруіне мүмкіндік тудырып, ағзаға сіңірілмеуінде болып отыр.

Соңғы деректер

«Ламифарэн» геліне қатысты көптеген зерттеулердің нәтижесі бойынша, А дәрумені ағзаның уақытынан бұрын қартаюынының алдын алатыны белгілі болған. Бұл ретинолдың жасушаларды жылдам қалпына келтіру қасиетінің арқасында болады.

Сонымен қатар «Ламифарэннің» құрамына кіретін А дәрумені ер адамдар мен әйел адамдардың репродуктивті мүмкіндіктеріне жағымды әсер етіп, жыныстық гормондарының қарқынды жұмысын тудыратыны белгілі болған.

источник

Қазақша реферат: Биология | Дәрумен (Витамин)

Дәрумен (Витамин)– адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді.

Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Организмде үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында витамин жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал витаминді (әсіресе, А және D витаминдерін) шамадан тыс көп қабылдау организмнің улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық витаминдерді суда еритін витамин, майда еритін витамин және витамин тектес заттар деп бөледі.

Витаминнің мал үшін де маңызы зор. Мал азығында витамин жеткіліксіз болса, малдың өнімі төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д, Е, К витаминдері жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мысалы, А витамині жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді, сондай-ақ олар қысыр қалуы, іш тастауы мүмкін. Малға қажетті витамин балауса шөпте, жоңышқада, сүрленген шөптерде, тағыда басқа болады. Қыста авитаминозға шалдыққан, тағыда басқа түрлі жағдайлармен жүдеген малға витамин концентраттарын, сәбіз, балық майы, тағыда басқа витамині мол азық беру керек. Мал азығындағы витамин мөлшерін көбейту үшін арнайы витамин препараттары мен құрғақ ашытқылар шығарылады.

Витамин жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда витаминдердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не витамин синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі витамині аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, организмге, негізінен көмірсулар (қант, тағыда басқа) ғана түсіп, белок пен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса витамин жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы витаминдер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР витамині) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін.

Тағамда витаминдердің жеткіліксіз болуы, адам организмін әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз,тағыда басқа аурулар себеп болады. Витамин жетіспеушілік болғанда организмде зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі,тағыда басқа жағдайларда организмде витамин жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы витаминдер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет. Витамин жетіспеушілік және гиповитаминоз жануарларда да болады. Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде ауырады. Витамин жетіспеушіліктен аналық мал қысыр қалады, төл нашар өседі. Мысалы, В витамині жетіспеген жағдайда құс полиневритпен, шошқа пеллаграмен ауырады. D витамині жетіспесе, төл қатпа болады, ірі мал сүйек ауруына шалдығады.

источник

Дәрумендер

Витаминдер жайлы түсінік

1880 ж. Н.И. Лунин табиғи сүтте жасанды сүтке қарағанда ағзаның қалыпты қызметін ұстап жүру үшін қажетті компо-ненттер бар екендігін ашты. Бұл заттар 1942ж. поляк ғалымы К.Функпен витаминдер деген атқа ие болды. К. Функ олардың құрамында амин топтары бар және олардың табиғаты белок екендігі анықталды. Бірақ кейбір витаминдерде амин топтары жоқ болып шықты, бірақ олардың қазіргі күнге дейін витаминдер деген аты сақталды.

Тағамның ауыстырылмайтын минорлы компоненттеріне витаминдер жатады. Витаминдер дегеніміз — адам ағзасында синтезделмейтін төменмолекулярлы органикалық заттар, бірақ кейбір тағаммен аздаған мөлшерде ағзаға түскенде қалыпты метаболизм мен клеткалардың сәйкес физиологиялық қызметтерін атқаруын қамтамасыз етеді.

Адам ағзасында витаминдер жетіспеген кезде патологиялық жағдайлар – авитаминоздар болуы мүмкін. Бұл жағдайларда,витаминдердің биологиялық қізметіне байланысты метаболизмнің белгілі бір кезеңі зақымдалады да, ол сәйкес симптомдар түрінде көрінеді. Мысалы, В12 витамині жетіспегенде-қатерлі анемия пайда болады, В1 витамині- Бери-Бери полиневриттің, С витамині-цинга, Д витамині- рахит ауруларын тудырады.

Ал витаминдерді мөлшерден тыс пайдаланған кезде- гипервитаминоздар пайда болады. Мысалы: Д ,А гипервитаминозы белгілі. Д витаминінің көп болуынан балаларда краниостеноз, ал А гипервитаминозында бастың ауруы,көру қабілетінің бұзылуы пайда болады.

Физико-химиялық қасиеті бойынша дәрумендер:

  1. Суда еритін;
  2. Майда еритін болып жіктеледі;

Суда еритін витаминдер тобына жатады:

  • В1 дәрумені (антиневериттік);
  • В2 дәрумені (рибофлавин);
  • В6 дәрумені (антидерматитті);
  • В12 дәрумені (антианемиялық);
  • РР дәрумені (антипелларлық);
  • Фоль қышқылы (антианемиялық);
  • Пантотен қышқылы (антидерматиттік);
  • Биотин(дәрумен Н,антисеборейлық);
  • С және Р дәрумені (антискорбуттық,өткізгіш).

Майда еритін витаминдер тобына:

  • А дәрумені (антисерофтальмиялық);
  • D дәрумені (антирахиттік);
  • Е дәрумені (көбею дәрумені);
  • К дәрумені (антигеморройлық).

Суда еритін витаминдер ферменттің ақуыздық компонентімен бірге биохимиялық реакцияларға тікелей қатысады. Көпшілігі кофермент молекуласын түзуге қатысады. Қазіргі кезде липой қышқылы,парааминобензой қышқылы,фоль қышқылы, биотин, В тобының дәрумендері мен дәрумен тәрізді заттардың коферменттік қызметі анықталған.

Ағзаға маңызды негізгі 4 дәрумен

А витамині (ретинол)

Ретинол— антиксероофтальмикалық, антигемеролапикалық витамин. Өзінің химиялық табиғаты бойынша ол циклды қанықпаған бір атомды спирт болып табы-лады. А витминінің 2 түрі бар – А1 және А2. А1 витамині бета- ионондық сақинадан және изопериннің екі қалдығынан құралған: А вит. балықтың, сиыр-дың, шошқаның бауырында, сүтте, жқмыртқаның сары уызын-да, қаймақта көп болады. А вит. тәуліктік қажеттілгі:

  • 4 — 8 жастағы балаларда 400 мкг/тәулік немесе 1300 МЕ (IU),
  • 9 -13 жастағы балаларда 600 мкг/тәулік немесе 2000 МЕ (IU).

Ағзада ретинол ретинальға және ретиной қышқылына айналады. А вит. барлық түрлері белокты, липидті, көмірсулы алмасуға әсер етеді, фосфорлы- кальцийлі, калийлі алмасуды реттейді. Атап айтқанда, белокты алмасуда А витамині фенилаланиннің тирозинге айналуыен және адреналиннің синтезін жылдамдатады. Ағзада А витаминнің жетіспеушілігі кезінде А гипови-таминозының ең ерте белгісі- қараңғылық адаптация мен алакө-леңке көрудің зақымдалуы- гемеролапия дамиды.

D витамині (кальциферол)

D дәрумені (кальциферол) адамның терісінде күннің ультра-күлгін сәулелерінің әсерінен түзіледі. Ол кальций мен фосфордың ішектен бөлінуін жылдамдатып, сүйек ұлпасының мықтылығына әсер етеді. Адам ағзасы D дәруменін тағамның құрамынан да қабылдайды. Жас сәбилерде D дәруменінің жетіспеуінен болатын ауру мешел (рахит) деп аталады.

Мешел ауруына шалдыққан балалардың қаңқасы дұрыс қалыптаспайды. Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен майысады, сүйек баяу дамиды, ұйқысы қашады. Жұқпалы аурулармен көп ауырады. Сондықтан жас сәбилердің мешел ауруына шалдықпауы үшін күн сәулесіне шығарып шынықтырады. D дәрумені балық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында, жануарлардың бауырында, сүт өнімдерінде мол. D дәруменінің қажетті тәуліктік мөлшері:

  • 1-3 жастағы балаларда 2500 МЕ
  • 4-8 жастағы балаларда 3000 МЕ (IU) немесе 75 мкг/тәулік,
  • 9 -13 жастағы балаларда– 4000 МЕ (IU) немесе 100 мкг/тәулік.

С витамині (аскорбин қышқылы)

С дәрумені (аскорбин қышқылы). Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С дәрумені биологиялық тотығу кезінде зиянды заттардың түзілуін тежейді. Ол қарсы денелерді түзетін ферменттердің құрамына кіреді. Терідегі қантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды.

С дәрумені жетіспеген жағдайда ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. Бұл дәрумен ұзақ уақыт жетіспесе, адам кауіпті құрқұлақ (цинга) ауруына шалдығады. Адам ағзасы С дәруменін түзбейтіндіктен, тамақпен бірге қабылдануы керек. С дәрумені ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. Жаңа піскен көкөністер, жемістер және тұздал-ған орамжапырақ құрамында көбірек кездеседі. Әсіресе итмұ-рынның, қарақаттың құрамында мол болады. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 60-100 мг.

  • 4 -8 жастағы балаларда 25-100 мг/тәулік
  • 9 — 13 жастағы балаларда 45-400 мг/тәулігіне.

В1 витамині (тиамин)

В1 дәруменi (тиамин) ағзада дұрыс зат алмасуы үшін аса қа-жет дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту про-цесі бұзылады. ағза тиаминге зәру болған жағдайда жүйке жүйесі үлкен ауруға шалдығуы мүмкін. В1 дәруменіне әсіресе сыра ашытқысы, келтірілген және тығыздалған наубайханалық шикізаттар анағұрлым бай. Тәуліктік қажеттілік:

  • 1-3 жастағы балаларда 0,75 mg
  • 4-8 жастағы балаларда 1,5 mg
  • 9 -13 жастағы балаларда 4 mg

В2 витамині (рибофлавин)

В2 дәрумені (рибофлавин), басқа да дәрумендер сияқты ағзаның бірқалыпты өсуіне қажетті, ол биологиялық тотығу процесте-ріне қатысады. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді, көздің жақсы көру қабілетін сақтайды. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ерін құрғап, кезереді, ұшық шығады, денеге түскен жарақат баяу жазылады.

  • 1-3 жастағы балаларда 0,85 mg
  • 4-8 жастағы балаларда 1,7 mg
  • 9 -13 жастағы балаларда 3 mg;

В6 витамині (пиридоксин)

В6 дәруменi (пиридоксин) ақуыздардың құрамдас бөлігі болып табылатын амин қышқылдарының алмасуы на қатысады. В6 дәруменінің жетіспеушілігі жас балалардың бойының өсуін тежеп, қан аздығы мен сезіміне тез қозғыштығын тудырады, ал екіқабат әйелдердің бетінде қара дақ пайда болады. В6 дәрумені мал етінде, балықта, сүтте, ірі қара малдың бауырында, ашытқыларда және көптеген өсімдік өнімдеріне бар; әдеттегідей дұрыс тамақтанып жүрген жағдайда бұл дәрумен ағзада жеткілікті болады. Тәулітік қажеттілігі:

  • 1-3 жастағы балаларда 3 mg
  • 4-8 жастағы балаларда 6 mg
  • 9 -13 жастағы балаларда 12 mg;

РР витамині (ниацин)

РР дәрумені (ниацин). Табиғатта ең таралған суеріткіш топтары никотинді қышқыл және никотинамид деген атпен белгілі. Көмірсулар алмасуын жақсартады, тамырларды кеңетеді, қан ағымын жақсартады, бауыр жұмысын жақсартады, жара мен терең жаралардың жазылуына әсер етеді. РР дәрумені жетіспеген жағдайда көңіл-күйдің болмауы, еріннің құрғақтығы мен бозарыңқылығы, іш өту және бұлшық ет ауруы. Тәуліктік қажеттілік: 5 – 10mg

Дәрумендер тағамдық заттардың құрамында болатын ерекше ағзалық қосылыстар. Олар ағзада ферменттердің түзілуіне қатысады. дәрумендер тағам құрамында аз мөлшерде болғанымен, ағза үшін өте қажетті заттар. дәруменсіз ағзаның өсуі, дамуы мен тіршілік жалғастыруы мүмкін емес. Сондықтан витамин сөзінің латынша тіршілік үшін қажетті зат деп аталуы маңызы зор. дәрумендер ағзадағы зат алмасу үдерісінде қарқынды әсер етеді.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

источник

Витамин түрлері

Жоспар:
Кіріспе
Витаминдер туралы жалпы түсінік
Витамин түрлері

Кіріспе
Витамин — адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta — тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 ж. орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 ж. поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді. Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Организмде үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында витамин жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал витаминді (әсіресе, А және D витаминдерін) шамадан тыс көп қабылдау организмнің улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық витаминдерді суда еритін витамин, майда еритін витамин және витамин тектес заттар деп бөледі. Витаминнің мал үшін де маңызы зор. Мал азығында витамин жеткіліксіз болса, малдың өнімі төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д, Е, К витаминдері жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мысалы, А витамині жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді, сондай-ақ олар қысыр қалуы, іш тастауы мүмкін. Малға қажетті витамин балауса шөпте, жоңышқада, сүрленген шөптерде, т.б. болады. Қыста авитаминозға шалдыққан, т.б. түрлі жағдайлармен жүдеген малға витамин концентраттарын, сәбіз, балық майы, т.б. витамині мол азық беру керек. Мал азығындағы витамин мөлшерін көбейту үшін арнайы витамин препараттары мен құрғақ ашытқылар шығарылады. Витамин жетіспеушілік, авитаминоз — күнделікті ішетін тағамда витаминдердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не витамин синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі витамині аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, организмге, негізінен көмірсулар (қант, т.б.) ғана түсіп, белок пен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса витамин жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы витаминдер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР витамині) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін. Тағамда витаминдердің жеткіліксіз болуы, адам организмін әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз, т.б. аурулар себеп болады. Витамин жетіспеушілік болғанда организмде зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі, т.б. жағдайларда организмде витамин жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы витаминдер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет. Витамин жетіспеушілік және гиповитаминоз жануарларда да болады. Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде ауырады. Витамин жетіспеушіліктен аналық мал қысыр қалады, төл нашар өседі. Мысалы, В витамині жетіспеген жағдайда құс полиневритпен, шошқа пеллаграмен ауырады. D витамині жетіспесе, төл қатпа болады, ірі мал сүйек ауруына шалдығады.

Витаминдер туралы жалпы түсінік
Витаминдер дегеніміз — биологиялық жоғары пәрменді органиқалық заттар. Витаминдер энергия көзі емес және пластикалық материалдар қатарына да жатпайды, дегенмен ағзаның қалыпты тіршілігі үшін маңызы зор, химиялық құрамы әр түрлі зат тобы. Қан айналу жолына түскен витаминдер ағзада жүретін барлық биохимиялық процестерге қатысады, олар қоректік зат алмасу процесіне қатысып, ағзаның жақсы өсіп-жетілуіне әсер етеді. Ағзада витаминдер өте аз болғанда, мал авитаминоз ауруына шалдығады, ал витаминдер жетіспеген жағдайда пайда болатын қоректік заттардың алмасу процесінің бұзылуын гиповитаминоз деп атайды. Витаминдердің ағзада жетіспеуі салдарынан жас малдың өсуі тежеледі, азықты өніммен өтеуі нашарлайды және бұл өзгерістердің көпшілігі қалпына келмейді. Көптеген витаминдердің химиялың құрамы қазіргі таңда белгілі. Медицина жөне микробиологиялық енер-көсіптер малды азықтандыруға қажет витамин топтарын шығарады.
Дәрумен жетіспеушілік, авитаминоз — күнделікті ішетін тағамда дәрумендердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не дәрумен синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі дәрумені аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, ағзаға, негізінен . жалғасы

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

источник

Витаминдер (Дәрумендер )— денсаулық тірегі

Витаминдер (Дәрумендер )— денсаулық тірегі
Кейінгі кезде әлемдік ғылыми терминдерді бұзатын адамдар көбейіп кетті. Олар витаминді дәрумендер деп атау керек деп түсіндіреді. Бұл дұрыс емес.

Витаминдер деп химиялық табиғаты әр түрлі органикалық заттарды айтады. Витамин латынша vіtа — өмір, тіршілік; vitman — тіршілік амині деген мағынаны білдіреді. Олар тағамдық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің өсіп-өнуіне әсерін тигізеді. Организмнің қорғаныштық қабілетін арттыруда витаминдердің атқаратын міндеті өте зор. Егер тамақ-тану дұрыс жолға қойылмаса, яғни күнделікті пайдаланатын тағамдарымызда организмдерге қажетті витаминдер мөлшері жеткіліксіз болса, онда организм әлсіреп, ол әр түрлі ауруларға шалдығады, оның өсіп-өнуі мен жетілуі нашарлайды. Витаминдер, сол сияқты, жоғары дәрежелі өсімдіктер мен микро-организмдердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті заттар. Организмге тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың, майлардың, углеводтардың және минералдық тұздардың алмасуын жылдамдататын жәнс реттейтін де витаминдер. Соңғы кезде витаминдерді классификациялап үлкен 4 топқа бөледі:
1) алифатикалық витаминдер қатары (аскорбин қышқылы);
2) алицикдды витаминдер қатары;
3) ароматикалық витаминдер қатары;
4) Гетероциклды витаминдер қатары. Осылардың ішінде табиғат пен күнделікті тіршілікте кеңінен таралып, жиі кездесетін, әрі өмірімізде көп пайдаланылатын, су мен майларда еритін витаминдерге тоқталуды жөн көрдік.
Суда еритін витаминдерге: тиамин, рибофлавин, панготен қышқылы, никотин қышқылы, пиридоксин, кобаламин, никотинамид, аскорбин қышқылы, биотин, инозит, холин, рутин, фолий қышқылы, парааминобензой қышқылы және т.б. (В1, В2, В3, В5, Вб, В12 В5, РР, С, Н, Р және т.б.) енеді.
Майда еритін витаминдерге: ретинол, кальциферол, токоферол, филлохинон, убихинон, алмастырылмайтын май қышқылдары (А, Д, Е,К) және т.б. кіреді.
Қазіргі кезде 30-дан астам витаминдер түрлері ашылды. Суда еритін витаминдер ферменттердің простетикалық топтарының құрамына кіреді, сөйтіп, олар ферменттердің активтілігін жоғары-латады. Керісінше де әсер етеді. Суда жақсы еритін витаминдер түрі өте көп. Бұл витаминдердің адам организміне қабылдану мөлшері де түрлішс болады.
Ал витаминдерді көп мөлшерде пайдалану гипервитаминоз құбылысының тууына әкеледі. Тамақ азықтарында, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен басқа да заттардың құрамында кездесетін вита-миндерді түрлі түсті сапалық реакциялар көмегімен ашуға болады.
Суда еритін витаминдер
Гиамин (В] витамині, аневрин). Тамақ құрамында тиамин немесе В1 витамині жоқ болса, бери-бери немесе полиневрит деген ауруға шалдығады. Полиневрит кезінде нерв жүйелері қабынады, жүректің қызметі бұзылады, асқазан-ішск трактасының қызметі бүлінеді, ас қорыту сөлінің секрециясы төмендсйді, судың алмасуы бұзылады, ісік пайда бола бастайды.
Азия және оңтүстік Америка материктерінде тұратын халық-тардың арасында «бери-бери» ауруы ерте заманнан-ақ кең етек алып келгені белгілі. Бұл нерв жүйесінің ауруы, әсіресе Жапония, Шығыс Азия, Филлппин аралдары, Оңтүстік Америка сияқты күріш дақылы көп пайдаланатын еддерде жиі тараған. Европа елдерінде «бери-бери» ауруы, керісінше өте сирек кездеседі. Мұның себебі, ондағы тұратын халықтардың негізгі тағамы күріш емес, олар қара нан, әр түрлі тағамдар мен овощтар жиі пайдаланады. Голланд ғалымы Эйхман 1890—1897 жылдары Ява аралында жүргізілген зертгеулері кезінде мынаны байқады: адамның жегенінен қалған таза күріш берілген тауықтарда «бери-бери» ауруларының белгілері пайда болған. Ал, әр түрлі қалдықтары берілген тауықтар бұл аурумсн ауырмаған. Осы байқауларға сүйене отырып жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде XX ғасырдың басында «бери-бери» ауруының негізгі себебі күріштің кебігінде көп кездесетін В) витаминінің (тиаминнің) жетіспеушілігінен екені анықталған.
Организмде В1 витаминінің жетімсіздігінен нервтердің жарақат-тануының мәні — бұл витамин фосфор қышқылымсн қосылып тиамин-пирофосфат деген зат түзеді. Тиамин (В1 витамині) тиамин-пирофосфат декарбоксилаза деген ферменттің құрамына кіреді. Бұл фермент заттар алмасуына пайда болатын организмде зиянды пирожүзім қышқылы ыдыратуға керек. Денеде В1 витамині жетіспегенде фермент азаяды да, қанда пирожүзім қышқылы көбейіп кетеді, ақырында ол нерв жүйесіне зақым келтіріп, адамды ауруға шалдықтырады. Тиамин ашытқы, сәбіз, сүт, бауыр құрамында көп кездеседі. Бұл тағамдарда тиамин таза, не қосынды — тиамин пирофосфат және карбоксилаза түрінде кездеседі. В1 витаминінің таза кристалды препараты 1926 жылы күріш кебегінен бөлініп алынды.
В1 витамині зат алмасуға, әсіресе углеводтардың организмдегі түрлі химиялық өзгерту процестсріне өте қажет. Өйткені ол осы процестерге қатысы бар ферменттер құрамына кіреді.
В1 витаминнің организмнің түрлі зиянды әсерлерге қарсы күресу қабілетін арттыруда мәні зор. Күнделікті тағамда бұл витамин жеткіліксіз болса, нерв жүйесі зақымданады. Сөйтіп, полиневрит, яғни нерв жүйелерінің ауруы пайда болады. Жоғарыда айтылған «бери-бери» ауруының негізгі себебі де осында.
«Бери-бери» ауруымен аурғанда адамның жүру қабілеті на-шарлап, кібіртіктеп жүреді, организмнің жалпы әсліреуі байқалады. Тамаққа тәбеті тартпайды, салмақ кемиді. Аяқ-қолдың шаншып немесе сыздап ауруы пайда болады, сол ауырған жерлердің сезіну қабілеті нашарлайды. Бұлшық еттер таратылып, солып қалады. Жүрек қысылып, тамыры жиі соғатын болады. Тиаминнің организмде жетіспеуінің негізгі себептерінің бірі оның тағам құрамында аз болуы. Жоғарыда көрсетілгендей, В1 витамині қауызынан тазаланбаған күріште, ірі тартылған ұнда, тағы басқа өсімдік тағамдарында кездеседі. Сүтте, жұмыртқаның сары уызында, бауырда, бүйректе, етте көп болады. Организм тәулігіне орта есеппен 2—3 миллиграмм тиаминді керек етеді.
В1 витаминінің кейбір тағам құрамындағы мөлшері
/100 г тагамда, мг/
Тағам түрлері В1 витамині
Сыра ашытқысы 5,0
Нан ашытқысы 2,0
Бұршак 0,7
Сұлы жармасы 0,6
Қарақұмық жармасы 0,5
Сиыр еті 1,1

Тағы рефераттар

Қол күтімі, гигиенасы

Автор: admin · Published 11.11.2011

Жан-ұя психологиясы

Автор: admin · Published 11.11.2011

Терморегуляция

Автор: admin · Published 11.11.2011

комментария 4

Малиметтер толык коретилген.тек курамы туралы жок екенн

Сондада издеген малиметмди таптым. Енди курамыда болса деймин

источник